14.03.2026 02:16
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қазақстанда алаяқтардың құрбандары жыл сайын көбейіп келеді

  • 23 октября, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 6

Қазақстанда алаяқтардың құрбандары жыл сайын көбейіп келеді. 2025 жылдың алғашқы алты айында азаматтарды алдаудың 22 мыңнан астам дерегі тіркелген, оның ішінде 12 мыңнан астамы — интернет-алаяқтық. Азаматтарға келтірілген шығын 25 миллиард теңгеден асты. Осы кезең ішінде Қостанай облысында мұндай қылмыстың мыңға жуық дерегі анықталған. Оның елуге жуығы Лисаков қаласында тіркелген.