Қазақстанда алғаш рет жаңа Конституцияға арналған білім беру бағытындағы бейнероликтер топтамасын Қостанай академиясы ұсынды
Қазақстанда алғаш рет жаңа Конституцияға арналған білім беру бағытындағы бейнероликтер топтамасын Қостанай академиясы ұсынды. Жоба Ата Заңның ережелерін еліміздің әрбір тұрғынына түсінікті әрі қолжетімді түрде жеткізуді мақсат етеді. Қазақ және орыс тілдерінде дайындалған бейнероликтерде Конституцияның негізгі институттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы түсіндіріледі.




