Қазақстан Суперкубогының финал
Қазақстан Суперкубогының финалында Қостанайдың Тобыл клубы мен Алматылық Қайрат арасындағы тартысты кездесуден жеңіспен оралған чемпиондарды облыс әкімі арнайы қабылдап, команданы жылы лебізбен құттықтады. Салтанатты кеш барысында жаңа ойыншылар көпшілікке таныстырылып, үздік ала доп шеберлері марапатқа ие болды. Жеңімпаздарға құрмет көрсетіліп, алдағы маусымға жаңа міндеттер мен мақсаттар қойылды.





