Қазақстан полициясы киберқылмысқа қарсы күресті күшейтуде
Қазақстан полициясы киберқылмысқа қарсы күресті күшейтуде. Жыл басынан бері мұндай қылмыс түрлерінің саны 7 пайызға азайды. Сонымен қатар қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарып, соның нәтижесінде жәбірленушілерге 5 миллиард теңгеге жуық қаражат қайтарылды, ал тағы 2,5 миллиард теңгеден астам қаражаттың заңсыз шығарылуына жол берілмеді. Байланыс операторларымен бірлесіп, 150 миллионнан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды. Сондай-ақ шетелдік серіктестермен бірлесе отырып, халықаралық алаяқтық call-орталықтардың қызметі тоқтатылды.




