Қазақстан мектептерінде оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон қолдануына шектеу бар
Қазақстан мектептерінде оқушылардың сабақ кезінде ұялы телефон қолдануына шектеу бар. Бұл талап оқу процесінің сапасын арттыру мен балалардың зейінін күшейтуге бағытталған. Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірінше, ереженің сақталуы — ортақ жауапкершілік. Ал заң бойынша телефонды сабақта пайдаланған жағдайда ата-аналар ескерту немесе айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.



