Қазақстан ІІМ автокөлік иелерін қысқы дөңгелектерді сатып алу кезінде алаяқтардан сақ болуға шақырады
Қазақстан ІІМ автокөлік иелерін қысқы дөңгелектерді сатып алу кезінде алаяқтардан сақ болуға шақырады. Бұл ескертудің бекер емес екені белгілі болды. Қостанай облысының киберполиция қызметкерлерінің мәліметінше, соңғы екі аптада өңірде осындай алты алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл — күн суыта бастаған кезде белсенді бола түсетін маусымдық алаяқтық түрі. Оның үстіне, қазір алаяқтардың арбауына тек автокөлік иелері ғана емес, суықтан жылынудың түрлі жолын іздеген азаматтар да түсіп жатыр.



