Қазақстан емханаларында педиатриялық учаскелер саны жыл санап азайып келеді
Бір отбасы — бір дәрігер». Қазақстан емханаларында педиатриялық учаскелер саны жыл санап азайып келеді, ал 2027 жылға қарай олар толықтай жойылмақ. Бұған елімізде көп жылдан бері енгізіліп келе жатқан «Отбасылық медицина» қағидаты себеп. Енді балаңыз бұрын қаралып келген учаске қысқарса, ата-анасы баратын жалпы тәжірибелі дәрігерге жүгінуге тура келеді. Кішкентай пациенттерге медициналық көмек көрсету тәсілі қалай өзгереді және бұдан қауіптенуге негіз бар ма?





