24.08.2026 13:08
Қазақ Қазақ
USD 456.88
EUR 534.64
RUB 5.47
Жаңалықтар

Ауласын тазаламай, арамшөбін жұлмағандар жауапқа тартылады

  • 27 июля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 5

Ауласын тазаламай, арамшөбін жұлмағандар жауапқа тартылады. Елімізде 1 шілдеден бастап абаттандырудың жаңартылған қағидалары күшіне енді. Енді тұрғындар үйінің ауласын және оған іргелес аумақты таза ұстауға міндетті. Қоқыс жиналып, арамшөп орылмаса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ құрылыс материалдарын, жарамсыз көліктерді ашық жерде ұзақ уақыт сақтауға және ауладағы автотұрақ орнын қоршаулармен, блоктармен немесе шынжырлармен өз бетінше белгілеп қоюға тыйым салынады. Жаңа қағидалардың мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтап, тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.