Қостанай облысында полиция бір күн ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 100 астам деректі анықтады
Қостанай облысында полиция бір күн ішінде қауіпсіздік белдігін тақпаған жүзден астам деректі, рульде телефон қолданған ондаған жағдайды және мас күйінде көлік басқарған 7 жүргізушіні анықтады. Өңірде «Қауіпсіз жол» операциясы жалғасып жатыр, қазірдің өзінде 13 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Бұл туралы, сондай-ақ полицейлердің ерекше форматтағы акциясы мен бір көлік үшін екі адамның неліктен жауапқа тартылғаны туралы біздің «Шолу» айдарымызда.




