Қатарынан 13-ші рет спартакиада чемпиондары атанды
Қатарынан 13-ші рет спартакиада чемпиондары атанды. Облыс орталығында Қостанай қаласы құрамасының спортшылары ұлықталды. Шаһар басшысы Марат Жүндібаев облыстық додада қаланың намысын қорғап, дәрежесін асқақтатқан атлеттерге ақшалай сыйақы мен марапаттар табыстады. Айта кетейік, биыл өңірімізде спартакиада 38-ші рет өткізілді.