«Asar Baspana» пирамидасының ұйымдастырушылары төрт жарым миллиардқа жуық қаражатты заңсыз иеленген
86 мыңнан астам салымшысы бар «Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары төрт жарым миллиардқа жуық қаражатты заңсыз иеленген. Қаржы мониторингі агенттігі хабарлағандай, пирамида тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып, жұмыс істеп келген. Қатысушыларға төлемдерді жаңа салымшылар есебінен берген. Ведомство өкілдері, бірнеше апта бойы жүргізілген тергеу әрекеттері жайлы айтты.