«Арай» спорт кешені жақын арада қаланың коммуналдық меншігіне өтеді
Қостанайдағы спорт нысандарының бірінде соңғы құрылыс жұмыстары аяқталып жатса, Лисаков қаласында тағы бір орталыққа жаңа тыныс беруге дайындық жүріп жатыр. «Арай» спорт кешені жақын арада қаланың коммуналдық меншігіне өтеді. 40 жылдық тарихы бар нысан бүгінде күрделі жаңартуды қажет етеді. Кешенді алда не күтіп тұр және реконструкция жұмыстары қашан басталады?



