26.09.2026 05:25
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

Қалалық әкімдікте жосықсыз мердігерлер мәселесі көтерілді

  • 23 июня, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 10

Мерзімді сақтамайды, аванс талап етеді, тіпті жұмысқа кіріспейтін жағдайлар да кездеседі. Қалалық әкімдікте жосықсыз мердігерлер мәселесі көтерілді. Шаһар басшысының айтуынша, кейбір компаниялар мемлекеттік сатып алу конкурстарын жеңіп алғанымен, атқаратын жұмыстың мән-жайын толық білмей шығады. Әсіресе, мұндай жағдайлар абаттандыру жобаларында жиі байқалады. Соның салдарынан жоспарланған жұмыстар тұралап, заң бойынша алдын ала төленген қаражатты бюджетке қайтару үшін сотқа жүгінуге тура келеді.