19.02.2026 10:08
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Алаяқтық жолмен рәсімделген несиелерді енді қаржы ұйымдары өздері өтейтін болады

  • 19 февраля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Алаяқтық жолмен рәсімделген несиелерді енді қаржы ұйымдары өздері өтейтін болады. Елімізде банктер мен микроқаржы ұйымдарының жауапкершілігі күшейтіліп, азаматтарды жалған берешектен қорғау тетіктері кеңейтіліп отыр. Иә, енді егер несие заң талаптарын бұза отырып рәсімделсе, ол есептен шығарылады. Атап айтқанда, несие биометриялық сәйкестендірусіз берілсе, 24 сағаттық үзіліс сақталмаса және азаматтың қарыз алудан ерікті түрде бас тартқаны туралы белгі бола тұра рәсімделсе, мұндай қарыз заңсыз деп танылады. Несиенің алаяқтық жолмен рәсімделгенін қалай дәлелдеуге болады? Бұл жайында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдері дәйектеп түсіндірді.