Алаяқтар жаңа айла түрін ойлап тапты
Қаражатынызды екі еселеп береміз! Алаяқтар жаңа айла түрін ойлап тапты. Бұрын қаскөйлер ықтимал құрбандарына тек қоңырау шалып, құпия кодтарды сұраумен шектелетін болса, бүгінде олар тартымды инвестициялық жобаларды ұсынып, миллиондаған теңгені иемденудің айлакерлік жолын қолдануды бастады. Өкінішке қарай, кейбір адамдар осы мүмкіндікке қызығып, тез пайда табамын деп, өз мүлкін сата бастайды екен. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін нені білу керек?





