Қалада маусымдық саяжай саудасы қызып тұр
Қалада маусымдық саяжай саудасы қызып тұр. Шағынаудандарда жабдықталған арнайы сөрелер бүгінде жергілікті бағбандардың өнімдеріне толған. Дегенмен, биылғы құбылмалы ауа райы мен аптап ыстық бақша дақылдарының шығымына айтарлықтай әсер еткен көрінеді. Сәйкесінше, бұл жағдай сұранысқа ие кейбір жидек түрлерінің бағасына да түзету енгізді.




