Аймақта алғашқы IT-колледж пайда болады
Аймақта алғашқы IT-колледж пайда болады. Қостанай Индустриялық-педагогикалық колледжі IT бағытына бейімделмек. Қазір облыс бойынша 21 мыңға жуық студент білім алып жатса, олардың 1,5 мыңы IT саласын таңдаған. Бұл салаға қызығушылық жыл сайын артып келеді, ал колледждің қайта бейімделуінің басты себептерінің бірі – осы. Енді колледждің жаңа бағыттағы міндеттерін жүзеге асыру үшін қандай материалдық-техникалық база бар және болашақ оқытушыларды қайдан даярлайды деген сұрақ туындайды.



