Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында ауқымды ғылыми семинар өтті
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында агроөнеркәсіптік кешенге озық технологиялар енгізу және білім мен ғылым байланысын нығайтуға арналған ауқымды ғылыми семинар өтті. Іс-шара «Арай Холдинг» компаниясының бастамасымен және Ресейдің ФИЦ «Немчиновка» зерттеу орталығының қатысуымен ұйымдастырылды. Семинар барысында селекция, тұқым шаруашылығы, өнім сапасын арттыру және климаттық өзгерістерге бейімделу мәселелері кеңінен талқыланды.





