Ақтүтек боран мен көктайғақ ел аумағындағы жағдайды күрделендіріп жіберді
Ақтүтек боран мен көктайғақ ел аумағындағы жағдайды күрделендіріп жіберді. Қатты жел мен көріну мүмкіндігінің нашарлауына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан көрінеді. Мәселен, 11 наурыздағы мәлімет бойынша, мамандар 760 адамды, оның ішінде 36 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Сондай-ақ қар құрсауында қалған 50 автокөлік шығарылды. Қолайсыз ауа райы, әсіресе Қостанай облысында әлі де сақталып тұр. Өңірдегі жағдайдың күрт бұзылуы салдарынан шалғай елді мекендерге бағытталған облыстық маңызы бар тас жолдар уақытша жабылды.





