Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін тартылатын магистральдық газ құбырының құны 840 миллиард теңгеден асады
Ақтөбе облысынан Қостанайға дейін тартылатын магистральдық газ құбырының құны 840 миллиард теңгеден асады. Ауқымды жоба Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңір көгілдір отынды одан алпыс жыл бұрын салынған ескі құбыр арқылы тұтынып отыр. Жаңа магистральдың бой көтеруі облыстағы газ жүйесін тұрақтандырып қана қоймай, ірі зауыттар мен фабрикалардың толыққанды жұмыс істеуіне жол ашады. Өңірді газдандырудың ауқымды жоспарлары мен алдағы жылдары газ алатын елді мекендер туралы тілшіміз Тоғжан Қабдырахман баяндайды.



