Қазақстанда 50 мыңнан астам азаматтың интернет алаяқтық пен қатысы бар екендігі анықталды
Қазақстанда 50 мыңнан астам азаматтың интернет алаяқтық пен есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар екендігі анықталды. Бұл туралы еліміздің Бас прокуратурасы хабарлады. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, бүгінде «дроперлік» әрекеттерге қатысты қылмыстық жауапкершілік енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.Яғни, банктік шоттарын үшінші тұлғаларға пайдалануға берген азаматтар, енді қатаң жауапқа тартылуы мүмкін. Бұл әрекет үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.