Заң мен тәртіп аясында оқушыларға қаржылық сауаттылық бойынша дәріс оқылды
Заң мен тәртіп аясында оқушыларға қаржылық сауаттылық бойынша дәріс оқылды
Облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары бүгін мектеп жасындағы оқушыларға қаржылық сауаттылық тақырыбында дәріс өткізді. Мамандардың айтуынша, қазіргі жастар маркетплейстерден жиі тауар сатып алады. Сондықтан әлеуметтік желілерде абай болып, алаяқтардың торына түсіп қалмауы өте маңызды. Осы мақсатта 16 мектептің оқушыларына арналған кездесу ұйымдастырылып, алаяқтықтан қорғану жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы мультфильм көрсетілді.