Алаяқтарға көмектесіп жатқанын білмей, қолдағы барынан айырылып қалған азаматтардың саны көбейіп келеді
Алаяқтарға көмектесіп жатқанын білмей, қолдағы барынан айырылып қалған азаматтардың саны көбейіп келеді. Олардың дені — жастар. Интернет-алаяқтық құрбандарына жарты миллиард теңгені қайтаруға көмектескен адвокаттар алқасының өкілі осылай дейді. Маманның сөзінше, мұндай істер бойынша талап-арыз саны артуда. Ал республика соттарында дропперлерге қатысты жаңа істер қаралуда.