2025 жылғы 21 маусымда Арқалық педагогикалық университетінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты педагогикалық форум өтті
2025 жылғы 21 маусымда Арқалық педагогикалық университетінде «Ұрпақтар сабақтастығы» атты педагогикалық форум өтті. Форумның мақсаты — аға буын ұстаздар мен жас мамандар арасындағы рухани және кәсіби сабақтастықты нығайту. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, облыс әкімі, білім басқармасы мен жергілікті басшылар қатысты. Форумда ұлттық тәрбие, педагогикалық мұра мен заманауи әдістер, жас мамандардың дамуы мәселелері талқыланды. Қатысушылар секциялық отырыстар мен панельдік пікірталастарда тәжірибе бөлісті.