Қостанай облыстық балалар ауруханасында алғаш рет капсулалық эндоскопия бойынша мастер-класс өтті
Қостанай облыстық балалар ауруханасында алғаш рет капсулалық эндоскопия бойынша мастер-класс өтті. Бұл әдіс балалардың ішкі ағзаларын ауыртпай, қауіпсіз зерттеуге мүмкіндік береді. Капсула ішіндегі камера 8-10 сағат ішінде ішекті толықтай суретке түсіреді. Бұл зерттеу наркозсыз және ауыртпай жүргізіледі. Мамандар әдісті меңгеру үшін Астанаға оқуға жіберілмек. Күзден бастап капсулалық эндоскопия Қостанайда қолжетімді болады.