«Tugan Qala» жобасы өңірлерде жергілікті тұрғындардың бастамаларын қолдауға бағытталған.
2019 жылы басталған «Tugan Qala» жобасы Евразиялық топ кәсіпорындары орналасқан өңірлерде жергілікті тұрғындардың бастамаларын қолдауға бағытталған. 2022 жылы жоба Октябрь ауылына жетсе, 2023 жылы Лисаковта жүзеге аса бастады. Осы уақыт ішінде бірнеше жаңа нысан бой көтеріп, елді мекендер абаттанды. Жуырда Лисаков техникалық колледжінде тұрғындар мен жоба ұйымдастырушылары бас қосып, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды талқылады.