Екі жылдың ішінде 10 балабақша ашылды
Екі жылдың ішінде 10 балабақша ашылды. Бұл тікелей ел президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылып отыр. Осылайша облыста балабақшаға деген сұраныс біртіндеп өтеліп келеді. Бүгін Әуежай шағын ауданында 280 орындық жаңа балабақша салтанатты түрде ашылып, жүздеген ата-ананың көптен күткен қуанышы орындалды. Аталған ауданында балабақша кезегінде 300-ден астам бала бар, енді олар бөбектерін осы мекемеге тіркей алады. Салтанатты шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты.