Облыста үш адам суға батып кетті
Облыста үш адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Қостанай, Лисаков және Рудный қалаларындағы ресми жағажай аумақтарында орын алған.
Естеріңізге сала кетейік, шомылу маусымы басталмай тұрып, кәмелет жасына толмаған бала суға кеткен болатын. Бұл — биылғы жылы тіркелген төртінші суға кету оқиғасы.
Сонымен қатар, құтқарушылар кеше тағы бір адамды өлімнен арашалап қалды. Оны су ортасынан батып жатқан жерінен шығарып алды.