IQanat олимпиадасының финалдық кезеңіне Қостанай облысының 17 ауданынан іріктелген 43 оқушы қатысады
IQanat олимпиадасының финалдық кезеңіне Қостанай облысының 17 ауданынан іріктелген 43 оқушы қатысады. Білім бәсекесінің ақтық мәресі Алматы қаласында өтеді. Топтан оза шыққандар IQanat High School мектебінің білім беру грантын иеленеді. Оқушылар оңтүстік астанаға кеше аттанды.