Қостанай облысында IT-саласы қарқынды дамып келеді
Қостанай облысында IT-саласы қарқынды дамып келеді. Небәрі жарты жылда компьютерлік бағдарламалау арқылы көрсетілген қызметтердің көлемі 3,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әледеқайда көп. Қазір облыста барлығы 354 IT-компания жұмыс істейді. Олардан жылына шамамен 1,5 млр теңге салық түседі. Бүгінде сала мамандарын даярлауға да көп көңіл бөлінуде. Қазір өңірдің мектеп, колледж және ЖОО-да бағдарламалау мамандығы терең оқытылады.