Ауыл шаруашылығы санағына интервьюерлер қабылдау жүріп жатыр
Ауыл шаруашылығы санағына интервьюерлер қабылдау жүріп жатыр. Бұл жұмыссыз жастар үшін қосымша табыс табудың және тәжірибе жинаудың тамаша мүмкіндігі. Жұмысқа орналасу үшін арнайы онлайн оқудан өтіп, сертификат алу қажет. Уақытша жұмысқа орналасқан интервьюерлер арнайы киім мен бейджикпен қамтамасыз етіліп, мәлімет жинаумен айналысады. Қатысу үшін жергілікті Статистика департаментіне өтініш беруге болады.