Қостанай облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешіліп келеді
Қостанай облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту мәселесі шешіліп келеді. Қазір өңір тұрғындарын орталықтандырылған су құбыры және су тарату пункттерімен қамту жұмыстары қарқынды жүруде. Қаржыландырудың жалпы сомасы 20 миллиард теңге. Жобаға Тобыл қаласы да қосылды. Шағын шаһарға 100 шақырымнан астам су құбыры желісін тарту жоспарланған.