Кәмелетке толмаған бала Тобыл өзенінде батып кетті
Кәмелетке толмаған бала Тобыл өзенінде батып кетті. Қайғылы оқиға 31 мамыр күні орын алған. Аптап ыстықта суға шомылуға барған 5 бала суға бата бастаған. Абырой болғанда, олардың төртеуін жергілікті балықшы аман алып қалған. Ал бір баланың денесін сүңгуірлер 10 минуттан кейін су астынан алып шыққан. Гүлназ Өмірзақ оқиғаны толығырақ баяндайды.