Полиция өкілдері Лисаков тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Полиция өкілдері Лисаков тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Кездесулерде құзырлы орган өкілдері бұқараға алаяқтардың айла-амалын түсіндіріп, полиция қызметкерлеріне көмектескені үшін сыйақы алу мүмкіндігі жайлы әңгіме қозғайды. Кездесулер қаланың әр шағын ауданында өтуде. Бас қосуларға бизнес өкілдері де қатысты. Себебі, қалада тыйым салынған уақытта алкогольді ішімдіктерді заңсыз сату мәселесі өзекті.