Қостанай облысына жұмыс сапарымен Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенова келді
Қостанай облысына жұмыс сапарымен Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенова келді. Делегация фармацевтикалық қоймаларда, қаладағы дәріханалар мен емханаларда, сондай-ақ ауруханаларда болды. Бірқатар медициналық ұйымдарға тән басты мәселе — кредиторлық берешек. Дегенмен, жоғары қарызы бар мекемелердің кейбірі оны ішінара азайта алған. Алайда, қазіргі таңда банкрот болу қаупі бар бірнеше аурухана бар. Мемлекет басшысының көмекшісі өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде қандай мәселелерге назар аударды?