Лисаковск қаласындағы аулаларды жөндеу
Лисаковск қаласындағы кейбір аулаларда жол жамылғысындағы көптеген шұңқырлар, арматурасы шығып тұрған жиектастар мен өз қызметін дұрыс атқара алмай отырған нөсер кәріздері ерекше назарға ілігуде. Осыған байланысты қала әкімі аулалық аумақтарды кешенді жөндеу туралы шешім қабылдады. Биыл бұл жұмыстар бірінші, екінші және бесінші шағын аудандарда жүргізіледі. Қайта жаңғыртылатын аумақтың жалпы көлемі шамамен 14 мың шаршы метрді құрайды. Жөндеу жұмыстары бойынша 144 миллион теңге сомасына жергілікті мердігер ұйым » ЖК Итқариновпен» келісімшарт жасалды.