25.08.2026 15:58
Қазақ Қазақ
USD 457.99
EUR 534.15
RUB 5.47
Жаңалықтар

Қостанай облысында жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында жолдарды тарылту әдісі еңгізіліп жатыр

  • 15 мая, 2025
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 17

Қостанай облысында жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында жолдарды тарылту әдісі еңгізіліп жатыр. Полиция автожолдарды талдау барысында апаттылығы жоғары аумақтарды анықтап, арнайы белгілер қойды. Пилоттық учаскелер ретінде Қостанай — Әулиекөл — Сұрған және Қостанай — Рудный — Денисов автожолдары таңдалды. Сала мамандарының пайымдауынша бұндай әдіс жүргізушілерге психологиялық әсер етеді. Яғни темір тұлпар иелері интенсивті түрде жылдамдықты төмендетіп, мұқият болады, бұл өз кезегінде апаттар санын азайтуға ықпалын тигізбек.