Қостанай қаласында жұмыссыз жастар үшін қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы жұмыс істеп тұр
Қостанай қаласында жұмыссыз жастар үшін қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта 13 адам жұмыс берушілерде оқып жүр, олар сертификат алған соң сол мекемелерде жұмысқа орналаса алады. Ал жыл соңына дейін 140-қа жуық адам қайта оқыту бағдарламасы арқылы жаңа мамандық алып, еңбек нарығына қосылады.