Қостанай қаласының әкімдігінде өткен жиында жылу көздерінде жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы хабарланды
Бүгін Қостанай қаласының әкімдігінде өткен жиында жылу көздерінде жүргізілетін жоспарлы жөндеу жұмыстары туралы хабарланды. Жұмыстар мерекелік күндерден кейін басталып, шамамен бір айға созылады.Сонымен қатар, қала әкімі Марат Жүндібаев «Береке» шағын ауданының жылумен қамтамасыз етілу мәселесіне тоқталды. Аталған ауданды жеке меншік қазандық қамтамасыз етеді. Қала әкімдігі бұл қазандықты өзінің балансына алуға дайын болғанымен, меншік иесі келісімге келмей отыр.Осы уақытта «Береке» тұрғындары ыстық сусыз отыр. Бұған себеп – жеке меншік иесінің «ҚазТрансГаз Аймақ» алдындағы 9 миллион теңге көлеміндегі берешегі.