Қостанайда Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында кезекті экомарафон өтті
Қостанайда Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында кезекті экомарафон өтті. Жүзге жуық ерікті жастар мен қоғам белсенділері бас қосып Тобыл жағалауын тазартуға ат салысты. Шара барысында 1 тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналды.