Облыс тұрғыны алаяқтардың кесірінен баспанасынан айырылды
Облыс тұрғыны алаяқтардың кесірінен баспанасынан айырылды. Қаскөйлердін арбауына түскен әйел құны 150 миллион теңге болатын коттеджді сатып, барлық қаражатты белгісіз азаматтарға жіберген. Алаяқтар өздерін түрлі мемлекеттік мекеме қызметкерлеріміз деп таныстырып, телефон арқылы қорқытқан. Қысымға шыдамаған жәбірленуші үйін тез арада сатуға шешім қабылдапты.