Қостанайда интернат қызметкері кәмелет жасына толмаған балаға үтік басқан
Қостанайда интернат қызметкері кәмелет жасына толмаған балаға үтік басқан.
Оқиға 17 наурыз күні Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы интернаттардың бірінде тіркелді.
Бейнебақылау камерасындағы жазбалардан қызметкердің қолындағы үтікті жасырын ұстап, 17 жастағы қыз балаға қарай бағыттағаны анық көрінеді.
Кейіннен бойжеткеннің денесінен бірнеше күйік ізі табылған.
Қазір бұл жағдайға байланысты тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.