«Шұғаның белгісі» повесі комикс түрінде жарық көрді
«Шұғаның белгісі» повесі комикс түрінде жарық көрді. Қостанайлық қос ұстаз Бейімбет Майлиннің көпке танымал туындысын ерекше форматта басып шығарды. Идея авторларының пайымдауынша, оқушылар сурет арқылы шығарманы әлдеқайда оңай қабылдайды. Яғни, жаңа үлгідегі оқулықтар балалардың білім алуға қызығушылығын арттырып, танымын оятуға бағытталған.