Лисаковта саяжай маусымының басталуына дайындық жүріп жатыр
Лисаковта саяжай маусымының басталуына дайындық жүріп жатыр. Бірі – учаскесінің қыстан қалай шыққанын тексеруге асық, енді бірі – аумақты ретке келтіріп, тазалау жұмыстарын бастап кеткен. Ал кейбір тұрғындар тіпті алғашқы көкөністерін егіп те үлгерген. Маусымға қатысты басты мәселелер жуырда өткен жалпы жиналыста талқыланды. Биыл саяжайды жалға алу құны өзгерді, күзет қызметтері де қымбаттады.