Қостанай облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталды
Қостанай облысында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталды. Небәрі бір күн ішінде 50-ге жуық кәмелетке толмаған азамат ұсталып оның 30-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылар бұл жұмыстарды кешенді түрде 10-шы сәуір мен 6-шы мамыр аралығында жүргізбек. Басты мақсат жасөспірімдерді келенсіз жағдайлардан арашалау. Сол себепті ойын сауық мекемелері мен түнгі клубтар тексеріледі. Сондай-ақ, 1 айлық шара барысында жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін не темекі заттарын сататын сауда жолдары кесіледі.