Қостанай облысында полицейлер, еріктілер бір тәулік бойы екі жасөспірімді іздеді
Қостанай облысында полицейлер, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар бір тәулік бойы екі жасөспірімді іздеді. Біреуі 17 жаста, екіншісі 15 жастағы балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жөніндегі Рудный орталығынан қашып кеткен. Қашқындар күндіз де, түнде де іздеу топтарынан жасырына алған, бірақ 8 сәуірде таңертең оларды қолға түсірудің сәті келген.