Елімізде театр мен отандық фильмдерді сүйсіне тамашалайтын көрермендер саны артып келеді
Елімізде театр мен отандық фильмдерді сүйсіне тамашалайтын көрермендер саны артып келеді. Спектакль мен кинопремьералардың бос орындарын, әсіресе, жастар жиі толтырады. Сала мамандары бұл тенденцияның соңғы жылдары ғана байқалып отырғанын айтуда. Бүгінде отандық киноиндустрияда коммерциялық комедиялардың орнына салмақты әрі мағыналы фильмдер алмасуда. Мұндай үрдіс театр саласында да белең алып келеді.