Қостанайлық тұрғын «АвтоУраган» жүйесінің қателік жіберетінін дәлелдеп шықты
Қостанайлық тұрғын «АвтоУраган» жүйесінің қателік жіберетінін дәлелдеп шықты. Ол өзіне тағылған айыппен келіспей, әкімшілік полиция бөліміне шағым түсірді. Бұған дейін қостанайлық әйелге жылдамдық асырғаны үшін айыппұл салынған болатын. Сот процесі барысында автокөлік салонындағы бейнетіркегіште көрсетілген жылдамдыққа сүйене отырып, жеңіске жетті.