Қостанай облысында балаларға арналған сауықтыру лагерлері тапшы
Қостанай облысында балаларға арналған сауықтыру лагерлері тапшы. Қазір өңірде небәрі 11 лагерь бар. Сондықтан ата-аналар жолдамаларды күн бұрын сатып алып, ерте қамдануға тырысады. Бірақ оның өзінде таң атқаннан, кеш батқанға дейін ұзын сонар кезекте тұруы қажет.