Балалардың ойын алаңы мен көгал-гүлзарларға көлікті қалдырып кетсеңіз айыппұл арқалайсыз
Балалардың ойын алаңы мен көгал-гүлзарларға көлікті қалдырып кетсеңіз айыппұл арқалайсыз. Лисаков қаласының полицейлері шаһар аулаларында рейдтер жүргізуде. Осылайша, заң бұзғандарды анықтап, жазалауда. Көлік иелері болса, қалада автотұрақтарды санын көбейту керек дейді. Наразы жұрт шаһарда автомобильдер саны жыл санап атып жатқанын, ал көлік қоятын жер жоқтығын айтады.